Петропавлда өртенген үйден 100-ден астам адам эвакуацияланды

Түтінге толған подъезден 27 адам құтқарылды.

 видеодан скрин Бүгiн 2026, 01:10
Бүгiн 2026, 01:10
151
Фото: видеодан скрин

Өрт 2-ші Первомайская көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болған. Үшінші қабаттағы пәтерден өрт шығып, тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға тура келген. Олардың бір бөлігі өрт сөндірушілердің баспалдақтары арқылы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында түтінге толған подъезден арнайы құтқару қалпақтарын қолдана отырып, баспалдақ арқылы 27 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала бар. Сонымен қатар үйден 76 адам эвакуацияланды, олардың 23-і – балалар.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Наверх