Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде физика пәнінің мұғалімі ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған кабинет ашты.
Дамыту орталығы Даун синдромы, сөйлеу қабілетінің тежелуі, тірек-қимыл аппараттары қызметінің бұзылуы диагноздарына шалдыққандарға арналған. СҚО-да бұрын-соңды мұндай кабинет болмаған.
Ерікті педагог мүмкіндігі шектеулі балаларға «Астрономия» пәні бойынша тегін сабақ береді. Сонымен қатар кабинетте балалармен педагог-психологтар жұмыс істейді. Бұл орталық әлемдегі Даун синдромына шалдығушылар арасында алғаш болып ЖОО тәмамдап, колледжде сабақ беретін испандық Pablo Peneda-мен әріптестік байланыста болмақ. Шетелдік маман жергілікті педагогтармен өз тәжірибесімен бөлісіп, қажетті бағыт-бағдар бермек.
Ерекше диагнозы бар балалар карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып қалды. Еліміз үшін осындай күрделі кезең оларға оңай тиім жатқан жоқ. Пандемияға дейін бір-бірімізбен кездесіп тұратынбыз. Балалар бір серпіліп қалатын. Осындай орталықтың қажетті жайында бұрыннан айтып келеміз. Мәселе оң шешімін тапқанына қуаныштымын, - дейді ерекше қажеттілігі бар баланың анасы Анастасия Швец.
Дина Құдабаеваның айтуынша, өкінішке қарай Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларды дамытуға арналған орталықтар жоқ.
Тек ақылы түрде жұмыс істейтін психологтар ғана бар. Сондықтан осындай бастама көтеріп, әлеуметтік мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосуды жөн санадым. Оның басқаларға пайдасы тиеді деген үміттемін, - дейді ол.
Ерікті бірнеше жыл бойы Петропавл облысындағы «Балалар ауылында» ерікті ретінде қызмет атқарып жүр. Ол әрбір бала тұратын жеріне, әлеуметтік мәртебесіне, денсаулығына қарамастан өз жұлдызын жаға алатынына сенеді.