Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 90-нан астам адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде тоқсаннан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 17 Қыркүйек 2024 2024, 02:52
17 Қыркүйек 2024 2024, 02:52
912
Фото: архив

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде тоқсаннан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Құтқарушылар баспалдақ маршымен 70 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 10 бала бар. 24 адам құтқарылды, олардың 6-ауы балалар, - делінген мәліметте.

Өрт 9 шаршы метр аланда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Наверх