Петропавлда бес жастағы бала көпқабатты пәтердің үшінші қабатынан құлап кетті. Оқиға орталықтағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Ата-анасы баланың терезенің жақтауына шығып кеткенін аңғармай қалған. Балғын москиттік торға сүйеніп, құлап кеткен. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен баланың жағдайы белгісіз.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, - делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген мәліметте.