Петропавлда баласын терезеден лақтырмақ болған ер адамға сот үкімі шықты

25 Қыркүйек 2023, 08:47
994
Бөлісу:
Петропавлда баласын терезеден лақтырмақ болған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Петропавл қалалық сотында отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында мас күйінде болғаны ер адам бесінші қабаттағы пәтерінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп оқиғаның алдын алды.

Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

Петропавл қалалық соты ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны белгіледі. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды,- делінген сот қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы