Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда қураған қамыстан шыққан өрт айыппұл тұрағына ауысып, салдарынан 5 жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сөйтіп бақандай бес автокөлік жанып кетті. Төтенше жағдайлар қызметіінң хабарлауынша, өрт түс ауа, яғни сағат 4 жарымның кезінде болған. Жедел 8 техника, 43 маман жұмылдырылған. Бірақ желдің екпінімен от тез таралып, 3 гектар аумақты шарпыды. Бұл күні қалаға жақын Малое Белое ауылына да қауіп төнді. Мұнда далдағы өрттің аумағы 30 гектарға жеткен.
Қазір төтенше жағдайлар қызметі күні-түн қызметте жүр. Тек соңғы тәуліктің өзінде өңірде 52 жерде өрт шыққан.
Қатты желдің салдарынан өрт айыппұл тұрағына жайылып кетті. Сосын шетте тұрған көліктер өртене бастады. Абырой болғанда біздің қызметкерлер оттың жайылуына жол бермеді. Қазір бұл факті бойынша тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.