Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда қураған қамыстан шыққан өрт айыппұл тұрағына ауысып, салдарынан бес жеңіл көлікке зақым келді.
ҚазАқпарат Cолтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, өрт сағат 16.30 шамасында болғанын хабарлайды.
Өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы және қатты жел жағдайды қиындатқан. Қамыстан тұтатанған өрт жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 гектар аумақты шарпыды, - дейді делінген хабарламада.