Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

3 Желтоқсан 2023, 09:40
629
Бөлісу:
Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды
Фото: Qazaqstan Media

Петропавлда жалдамалы-коммуналдық алты көпқабатты үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Береке» шағын ауданында орналасқан баспаналардағы 600 пәтер көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бұйырды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов пәтер кілттерін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тұрғындарға баспана қол жетімді болуы керек. Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы. Облыста бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгін тапсырылып отырған 6 үй соның айқын дәлелі. 600 отбасы қоныс тойын атап өтеді. Бұл көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер және толық емес жанұялар. Айта кету керек, бүгіндері «Береке» шағын ауданында 2 мектеп, спорт кешені мен балабақша салынуда. Жақын күндері емхана ашылады. Яғни, тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалады», – деді қоныс той иелерін құттықтаған облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы