Петропавлда 3 жасар бала пышақ жарақатынан көз жұмды

Кеше, 20:36
344
Бөлісу:
Петропавлда 3 жасар бала пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: Архив BAQ.KZ

Петропавлда екі айдан астам уақыт өмір үшін күрескен үш жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала 19 желтоқсан күні ауыр жарақатпен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салғанымен, өкінішке қарай, бала есін жимастан қайтыс болды.

Медицина мамандары ашық ми жарақаты, ми шайқалуының ауыр түрі, сол жақ көзіне, маңдай, самай және төбе сүйектеріне зақым келу, ішкі қан кету және травматикалық шок деген диагноздар қойған.

Айта кетсек, полиция аталған оқиғаны тұрмыстық қайғылы жағдай ретінде тіркеген. Алғашқы мәлімет бойынша, бала жарақатты үй жағдайында алған.

Өзгелердің жаңалығы