Петропавлда 16 адам өрттен құтқарылды

Кеше, 22:27
120
Бөлісу:
Петропавлда 16 адам өрттен құтқарылды
Фото: видеодан кадр

Өрт сөндірушілер өрттен 16 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Петропавлда Партизанская көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерде өрт шықты. 

ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен 16 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. 15 адам эвакуацияланған. Өрт 15 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы