"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Петропавл ЖЭО-2 кәсіпорнындағы жабдықтардың 53,5% тозған, деп хабарлады BAQ.KZ Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында министр Әлібек Қуантыров ЖЭО-2-де болды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 12 қазандық және 7 турбоагрегат бар.
Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров ЖЭО-2-де болды
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы мынадай бөлімдер бойынша түзетілді:
424 млн теңгеге қазандық агрегатын қайта салу;
740 млн теңгеге қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
ЖЭО-2 турбоагрегатын 617 млн теңгеге қайта жаңарту;
қазандықты 156 млн теңгеге ауыстыру.
Кәсіпорынның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы шамамен 40% - ға өсті. Қазір мұнда 676 адам еңбек етуде.
Қуантыров министрлік "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын жүзеге асырып жатқанынеске салды.
Бүкіл ел бойынша 62 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуға шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту болжануда. ҰЭМ-нің мәліметі бойынша бұл желілердің тозуын 2029 жылға қарай 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Жүргізіліп жатқан барлық шаралар апаттар мен желіден ажыратулардың санын төмендетуге, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, - деді министр.