Петропавл стадионы еурокубок ойындарын қабылдай алады. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба бойынша жылыту жүйесі қосылған жасанды шөп төселіп, жарықтандыру бағаналары ауыстырылады. Сонымен қатар табло мен дыбыс құрылғылары жаңартылады. Жұмыс барысымен УЕФА стандарттарына жауап беретін компания өкілі танысты. Айта кетейік, «Қарасай» стадионы өткен ғасырдың ортасында салынған. Қазір жергілікті футболшылар чемпионат ойындарын қосалқы алаңда өткізіп жүр.
Біз мердігер ұйымға техникалық жағынан көмек көрсетуге келдік. Оның ішінде, алаңның суармалы жүйесіне қатысты тиісті нұсқаулар берілді. Жұмыс талапқа сай болуы тиіс. Әйтпесе сертификат жоқ, - дейді компания өкілі Джанни Форабоски.