Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

4 Наурыз 2019, 20:28
1975
Бөлісу:
Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Солтүстік Қазақстан, «BAQ.KZ»  тілшісі. Петропавлда қалың қарды көтере алмаған көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар тұрғындарды бірден қауіпсіз жерге көшірді.

Апат Болатбаев көшесінде орналасқан  бес қабатты үйлердің бірінде болған. 1983 жылы салынған нысанның шатыры ауыр салмақты көтере алмаса керек. Тұрғындар көмек сұрап, бірден облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 112 телефонына хабарласқан.

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

«Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшылары, мамандар бірден оқиға орнына жетті. Қалалық әкімдік пен полиция қызметкерлері де сол жерден табылды. Барлығы 31 адам мен 10 техника жұмыс істеді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындарға үйлердің төбесіндегі қарды дер кезінде тазалауға кеңес береміз», - дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Аталған үйде 165 пәтер бар. 8-ші және 9-ші подъездердің ортасындағы шатыр қираған. Оқиға орнына келген қалалық әкімдік мамандары үйдің төбесі тұрғындар есебінен ғана жөнделетіндігін айтқан.

«Қалалық әкімдіктегілер шатырды өзіміз жөндеуге міндетті екенімізді айтып отыр. Күн жылына бастады. Енді қар ериді. Жауын-шашын болады. Бізде оған қайдан ақша болсын? Не істейтінімізді білмей қалдық», - дейді үй тұрғындарының бірі Людмила Павловна.

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Құтқарушылар шатырдың опырылған аумағы 50 шаршы метр екенін айтты. Қазір шығын көлемі есептелуде.

Өзгелердің жаңалығы