Петропавл қаласының орталығынан ер адамның мәйіті табылды

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Қараша 2023 2023, 12:35
АВТОР
 Нұркен Алишев  12 Қараша 2023 2023, 12:35
12 Қараша 2023 2023, 12:35
739

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.

11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде, — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Наверх