Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының маңында ЖКО нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 29 шілдеде сағат 14:00 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 949 шақырымында Бескөл ауылының 27 жастағы тұрғынының басқарған Chrysler автокөлігі мен облыстық ауруханаға Шал ақын ауданынан науқасты жеткізіп бара жатқан Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны басқарған ГАЗель маркалы жедел жәрдем арнайы көлігі соғылған.
Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылған. Жол апатында ешкім зардап шекпеген, медициналық көмекке жүгінбеген.
Жедел жәрдемдегі науқас басқа арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері материал жинауда: ЖКО схемасы жасалуда, одан әрі процестік шешім қабылдау үшін оқиға орнында тексеріс жүргізілуде.
Биылғы жылдың алты айында СҚО-да 80 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның нәтижесінде 12 адам қаза тапқан және 99 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.