Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр қар шығарылды

12 Наурыз 2019, 13:56
2806
Бөлісу:
Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр қар шығарылды
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, «BAQ.KZ» тілшісі. Қыс мезгілі басталғаннан бері Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды. Қазір коммуналдық қызмет көрсететін мекеме жұмысшылары қаланың шеткі аудандарындағы қарды тазалап жатыр.

Ақпан айының соңында коммуналық қызмет көрсететін мекеме өкілдері қаланың 18 орталық көшесін тазаласа, қазір Жұмысшы, Береке, Заречный және Зайсан кенттері сынды шеткі аудандарында жұмыс қызған. Петропавл қалалық әкімдігі мамандарының айтуынша су басу қаупі жоғары нүктелерге баса көңіл бөлініп отыр. Табиғи апат бола қалса, аталған аудандар бірінші кезекте зардап шегеді.

Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр қар шығарылды

«Биыл жауын-шашын мөлшері әдеттегіден жоғары. Шаһар басшысының тікелей тапсырмасымен қаланың шеткі аймақтарын қардан тазалау жұмыстарын қолға алдық. 26 ақпаннан көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары бойынша айлық бастау алған еді. Біз қауіп әбден сейілгенше жұмысты тоқтатпаймыз. Тұрғындар да септігін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Табиғи апатқа төтеп беру – ортақ іс», - дейді Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ораз Кәрішалов.

Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр қар шығарылды

Күн сайын қаланың шеткі аймақтарында таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін, орталықта 22:00-ден таңғы 7:00-ге дейін он коммуналдық қызмет мекемелері жұмыс істейді. Шаһар көшелеріне жалпы саны 70-тен астам арнайы техника шығады. Жұмысшы кентінің Белинский көшесінде тұратын Зинаида Будина, қар жауған сайын тазаланып тұратынын айтады.

«Менің осы ауданда тұрғаныма біраз жыл болды. Кей жылдары аяқ алып жүре алмай қалатынбыз. Қазір көктемде, қыс мезгілінде де жолдар қардан аршылады. Алғысым шексіз», - дейді зейнеткер.

Петропавл көшелерінен 520 мың текше метр қар шығарылды

Петропавл қаласының сыртында қар төгуге арналған 3 орын бекітілген. Көшелерде халықтың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерінің мамандары көшелердің жағдайын бақылып отырады.

Өзгелердің жаңалығы