Петропалда жеңіл көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Петропавл қаласындағы Украинская көшесінде Subaru Legacy автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Жүргізуші медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.