Перуде футболшыға ойын кезінде жай түсіп, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті дерек көздеріне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қайғылы сәт бейнетаспаға түсіп қалған. Кадрда 39 жастағы ойыншының қалай құлағаны көрінеді.
Ойынның екінші таймы басталар алдында жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Мерт болған футболшыдан бөлек, тағы бірнеше спортшы жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуінің халі нашар. Денесін күйік шалған.