Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшуді ұсынды.
Бюрократия мен қарапайым азаматтардың биліктен тыс қалуына қарсы ең тиімді құрал – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғам алдындағы есеп беруі. Бір сөзбен айтқанда - демократия. Демократия парламентаризмнің негізгі институттары болып саналатын парламент және жергілікті мәслихаттар арқылы қоғамдық мүдделерді алға жылжыту принципіне сүйенеді. Демократия дегеніміздің өзі – парламентаризм. «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және кезең-кезеңімен президенттік жүйеден парламенттік республикаға көшу бастамасын қолдайды, - дейді Азат Перуашев.
Оның айтуынша, қазіргі кезең билік монополиясынан мемлекеттік мәселелерді шешуде балама пікірлерді ескеретін тепе-теңдік жүйесіне жоспарлы түрде көшу мүмкіндіктерін туғызған.
Ұлттық сенім кеңесі ғана емес, Ұлттық сенім Үкіметі де қажет. Қазіргі конституцияға сәйкес, Президент биліктің барлық тармағының өзара іс-қимылына кепіл болады. Бұл Президент фигурасының парламент пен үкіметтен бірдей қашықтықта болуы қажеттігін білдіреді. «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет құрамын Мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия бекітуі тиіс. Партия тізімді Президентке бекітуге ұсынады және өз үкіметінің барлық жетістігі мен сәтсіздігі үшін жауапты болады. Дамыған демократиялардың тәжірибесі осылай, - деді партия төрағасы.Бұған дейін бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынған еді.