Бас жаңалықтар
Анықтама
Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы 452

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

  • Туған жылы: 1973 жылы

  • Туған жері: Жамбыл қаласы

  • Білімі: 1996 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, халықаралық заңгер біліктілігі берілді.


Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады.


1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болып істеді.


1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.


2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.


2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры лауазымында болды.


Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012) мерейтойлық медальдармен марапатталған


Загрузка...

Сізден жаңалық