Анықтама

Әзілханов Марат Алмасұлы

2367

Қазіргі лауазымы: Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.


  • Туған жылы: 1965
  • Туған жері: Қызылорда облысында дүниеге келген.
  • Білімі: «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін,
  • «Құқықтану» мамандығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.


1988–1992 жылдары — қалалық аурухананың дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері.


2011–2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төраға орынбасары қызметін атқарған.


2013–2014 жылдары — ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы.


2014–2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.


2016–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы.


2018–2019 жылдары — ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылғы 21 сәуірден бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Бөлісу: