Анықтама

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы

3251

Қазіргі лауазымы: Тараз қаласының әкімі


Әлеуметтік желіде; 

Туған жылы: 1982 жыл

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Ленгер қаласында дүниеге келген.

Білімі: Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.


Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.


2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы болып тағайындалған.


2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы болып еңбек еткен.


2009–2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.


2011–2012 жылдары — Семей қаласы әкімінің орынбасары.


2012–2015 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.


2015–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.


2016-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған.


2019 жылдың 26 наурызынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.


2019 жылдың 16 маусымынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.

2021 жылдан бері Тараз қаласының әкімі

Бөлісу: