Анықтама

Жұмалы Расул Берекетұлы

569

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Туған жылы: 1971 жылы 15 ақпан

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: Алматыдағы № 9 қазақ орта мектебін үздік тәмамдаған. 

әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің шығыстану факультеті. 

1987-1992 жылдары Шығыстану факультетінің араб тілі бөлімінде оқыған. 

1990 жылы араб тілін оқып жатқан үздік шәкірттер ішінен іріктелген топтың қатарында Марокко корольдігінің Мекнес қаласындағы Мулай Исмаил атындағы корольдік университетте ең алғашқы тіл ұстарту тәжірибесінен өтеді. 

1992 жылы университет қабырғасынан «арабтанушы» мамандығын алып шыққан жас маман өзінің қызметтік өмір жолын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеуден бастады.

1992-1994 жылдар аралығында ҚР СІМ-нің Таяу және Орта Шығыс, Африка елдері бөлімінде атташе, референт болып жұмыс істеді. 

1993 жылы Египет Араб Республикасында, 1994 ж. Сауд Арабиясында дипломатиялық курстан өтті. 

1995 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі лауазымы. 

1996-1998 жж. дипломаттық қызметін Египет Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде 3-ші, 2-ші хатшы дәрежесінде жалғастырады. 

1998 ж. ҚР СІМ-нің Таяу және Орта Шығыс, Африка бөлімінің басшысы. 

1999 ж. ҚР СІМ-нің ақпараттық хатшысы. 

2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттық хатшысы 

2002 жылы Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілеттілігіндегі саяси топтың жетекшісі.

2003 жылы Израильдегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі 

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірлігіндегі Бас консулы, 

2006-2007 жж. аралығында Либиядағы Қазақстан Республикасы дипломатиялық миссиясының басшысы

2022 жылы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2006 жылы «Геополитика Центральной Азии» атты орыс тіліндегі монографиясын жарыққа шығарды.

Бөлісу: