Мәдиев Жаслан Хасенұлы
517Қазіргі қызметі: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі
Ж. Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2020 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы қаңтардан бері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады21254210 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов205083Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді204174Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты141075Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?12637