Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
- Туған жылы: 1986 жылы 24 қазан
- Туған жері: Қарағанды облысы Атасу ауылында дүниеге келген.
- Білімі: 2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
-
2010 жылы Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжиниринг» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Остин қаласындағы (Техас, АҚШ) «Мұнай және геосистемалық инжиниринг орталығында» инженер-зерттеуші болып бастап, 2010 жылға дейін еңбек етті.
2010 жылдың шілдесінен қазанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2010 жылдың қазанынан 2012 жылдың ақпанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Колорадо, Калифорния және Техас штаттары, АҚШ, ExxonMobil корпорациясы.
2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың ақпанына дейін – бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2013 жылдың ақпанынан маусымына дейін – аға бұрғылау инженері, Ирак, ExxonMobil корпорациясы.
2013 жылдың маусымынан 2015 жылдың тамызына дейін – бас бұрғылау инженері, Сахалин аралы, Ресей, ExxonMobil корпорациясы.
2015 жылдың тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін – аға проект инженері, ұңғы құрылысы инженері, «Болашақ» мұнай өңдеу зауыты, Қашаған проекті, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың наурызына дейін – өндірістік супервайзерлер басшысы және аға бұрғылау инженері, Перт қ., Шотландия, Merlin ERD компаниясы.
2018 жылдың наурызынан осы күнге дейін – мұнай индустриясы бойынша басқарушы консультант және жаһандық эксперт, Лондон қ., Ұлыбритания, McKinsey and Company компаниясы.
Әлемнің 17 мемлекетінде істеген 11 жылдық халықаралық, өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар.
2014 жылы – мұнай ұңғысын бұрғылаудан әлемдік рекорд жасады (Z-40 ұңғысы, 13000 метр, Сахалин аралы, Ресей Федерациясы).
2016 жылы – Дүниежүзілік Мұнайшы-инженерлер Қоғамының «Бұрғылау саласындағы көрнекті жетістіктері үшін» атты халықаралық сыйлығын алды.
2016 жылы – Британдық арнаулы «Кәсіби маман-Инженер» атағын алды (Chartered Engineer») және Британдық «Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің» мүшесі болып сайланды.
2017 жылы – Ұлыбританияның мұнай өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін Патшайым Елизавета ІІ атындағы сыйлық алды (Merlin ERD компаниясының құрамында).
