Жаркешов Санжар Серікбайұлы
1678
Қазіргі лауазымы: «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы
- Туған жылы: 1986 жылы 24 қазан
- Туған жері: Қарағанды облысы Атасу ауылында дүниеге келген.
- Білімі: 2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжиниринг» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Остин қаласындағы (Техас, АҚШ) «Мұнай және геосистемалық инжиниринг орталығында» инженер-зерттеуші болып бастап, 2010 жылға дейін еңбек етті.
2010 жылдың шілдесінен қазанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2010 жылдың қазанынан 2012 жылдың ақпанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Колорадо, Калифорния және Техас штаттары, АҚШ, ExxonMobil корпорациясы.
2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың ақпанына дейін – бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2013 жылдың ақпанынан маусымына дейін – аға бұрғылау инженері, Ирак, ExxonMobil корпорациясы.
2013 жылдың маусымынан 2015 жылдың тамызына дейін – бас бұрғылау инженері, Сахалин аралы, Ресей, ExxonMobil корпорациясы.
2015 жылдың тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін – аға проект инженері, ұңғы құрылысы инженері, «Болашақ» мұнай өңдеу зауыты, Қашаған проекті, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.
2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың наурызына дейін – өндірістік супервайзерлер басшысы және аға бұрғылау инженері, Перт қ., Шотландия, Merlin ERD компаниясы.
2018 жылдың наурызынан – мұнай индустриясы бойынша басқарушы консультант және жаһандық эксперт, Лондон қ., Ұлыбритания, McKinsey and Company компаниясы.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
2020-2022 жылдары Украинаның «Нафтогаз» КЕАҚ барлау және кен орындарын игеру бөлімінің бастығы
2022 жылғы наурыздан бастап «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы
Әлемнің 17 мемлекетінде істеген 11 жылдық халықаралық, өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар.
2014 жылы – мұнай ұңғысын бұрғылаудан әлемдік рекорд жасады (Z-40 ұңғысы, 13000 метр, Сахалин аралы, Ресей Федерациясы).
2016 жылы – Дүниежүзілік Мұнайшы-инженерлер Қоғамының «Бұрғылау саласындағы көрнекті жетістіктері үшін» атты халықаралық сыйлығын алды.
2016 жылы – Британдық арнаулы «Кәсіби маман-Инженер» атағын алды (Chartered Engineer») және Британдық «Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің» мүшесі болып сайланды.
2017 жылы – Ұлыбританияның мұнай өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін Патшайым Елизавета ІІ атындағы сыйлық алды (Merlin ERD компаниясының құрамында).
-
11 қаңтардан бастап қандай әлеуметтік төлемдер көбейеді16642"Тыйым салынады". ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды5013Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадицияланды3994Қаңғыбас иттерге жылына 450 млрд теңге немесе күніне 1,2 млрд теңге жұмсалады3955"Тариф қымбаттап жатыр": Мобильді операторлар сапасы қашан жақсарады?379
-
1Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейді, қолма-қол ақша болсын. Ұлттық банк түсініктеме берді572362Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын айтты501613Перизат Қайрат кім159344"Баласы барын дәлелдеп жүгірмеуі керек". Депутат көпбалалы аналар мәселесін көтерді150695Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмады14858