Анықтама

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы

912
kkkkkk.jpg

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы


Туған жылы: 1978 жыл

Туған жері: Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Білімі: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. 


Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында әділет және қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды. 

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2019 жылғы 22 сәуірден 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы 28 қаңтардан 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

2021 жылғы 28 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

Бөлісу: