Анықтама

Жұмабеков Арман Дайырұлы

1137

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы


Туған жылы: 1973 жыл

Туған жері: Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.


Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.


Түрлі жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында,


ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген.


2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.


2019 жылғы 9 сәуірден  бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі.


2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы 


2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы 

2022 жылдан Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы

Бөлісу: