Заппаров Арыстанғани Расылханұлы
2692Қазіргі лауазымы: Алматы облысының полиция басқармасының бастығы
Туған жылы: 1969 жылғы 7 қараша
Туған жері: Жамбыл облысында туған.
Білімі: 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін,
2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын бітірді.
Полиция полковнигі.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы бастаған.
1993 – 2001 жылдары Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған.
2001 жылдан бастап Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.
2010 жылдан бастап – Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы лауазымыда қызмет өткерген.
2013-2014 жылдары – Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.
2016-2017 жылдары – Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары.
2018 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.
2019 жылғы 17 сәуірден бастап – Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2022 жылғы қаңтардан бастап Алматы облысы полиция басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері.
«Айбын» ІІ-дәрежелі орденімен мемлекеттік наградымен; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және ведомстволық медальдарымен наградталған.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады21285210 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов206063Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді204454Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты141345Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?12998