Анықтама

Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы

851
499cf59db9d5197859d51bc6bf6b9e53_M.jpg

Қазіргі лауазымы: Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары


  • Туған жылы 27 қазан 1965 жыл

Білімі: 1965 жылы туған. Ұлты – қазақ. 1988 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1982 жылы СББ станоктары операторының оқушысы, содан соң  С.Киров атындағы машина жасау зауытының 3-разрядты операторы болып бастады.

1983-1988 ж.ж. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының күндізгі бөлімінде оқыды. 

1989-1994 ж.ж. «Табиғи битумдар» БҒЗИмұнай қазақстандық бөлімінің кешенді өңдеу және БҚТ зертханасының инженері лауазымында жұмыс атқарған. 

1994 жылдың маусымынан 1996 жылдың шілдесіне дейін «Қазмұнайбитум» БҚТ ТБ ҒӨБ өңдеу зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
 

1996 жылы шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі  мемлекеттік комитетке  Әлеуметтік сала, жылжымайтын мүлік және талдау бас басқармасының жетекші маманы лауазымына қабылданды, 

1997 жылдың қаңтарында Мемлекеттік меншікпен жұмыс басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды.

1997 жылдың мамырынан 1999 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментінде, Мемлекеттік кәсіпорындар мен мүлік басқармасының бас маманы, кейін сектор меңгерушісі, Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың мүлкін пайдалануды бақылау басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - ММЖК) Мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік меншік басқармасының бөлім бастығы.

1999 жылдың тамызында бастықтың орынбасары, 2000 жылдың қазанында бастықтың міндетін атқарушы, қарашада – ММЖК-нің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2008 жылғы шілдеден 7 қарашаға дейін ММЖК-нің төрағасы орынбасарының міндетін атқарған, 

2008-2020 жылдары ММЖК төрағасының  орынбасары.

Бөлісу: