Ыбыраев Бауыржан Мұхтарханұлы
1620
Қазіргі лауазымы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директоры
Туған жылы: 1958 жылы туған.
Білімі: 1983 жылы физика мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
Физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие,
ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Еңбек жолын 1983 жылы Қазақ КСР-нің Ядролық физика институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі, физика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған.
1996 жылы АЭЖХА бағыты бойынша Берлин нейтрондық зерттеулер орталығында (BER-2 реакторындағы жұмыстар) тағылымдамадан өтті,
1999 жылы Эксперименттік теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының (ЭТФ ҒЗИ) директоры лауазымына ауысты.
2001 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Тау-кен компаниясы» ЖШС, «КенДала.kz» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС еншілес кәсіпорындарын басқарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2015 жылдын тамыз айынан бастап Өндіріс және ЯОЦ жөніндегі бас директоры лауазымында қызмет етті,
2018 жылдың қаңтарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.
Атом саласының еңбегі сіңірген қызметкері, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды644142Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2963132026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2431542026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?181535Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17249