Бас жаңалықтар
Анықтама
Тортаев Бауыржан Қадырұлы 65


Қазіргі лауазымы: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары 

  • Туған жылы: 1967 жылы 18 қыркүйек

  • Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

  • Отбасылық жағдайы: Үйленген, бір қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр.

  • Білімі: 1991 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Қызыл Еңбек орденінің Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.

  • Ғылыми баспалардың авторы.


Еңбек жолын 1991 жылы Семей шикізат-тауар биржасының орталығында ақпараттық-анықтаманың маманы болып бастады.


1992 жылдан бастап 1995 жыл аралығында коммерция құрылымдарында әртүрлі қызмет атқарды;


1996 жылдан бастап 1997 жыл аралығында Семей облыстық экономика басқармасында жетекші, бас маман;


1997 жылдан бастап 1998 жыл аралығында Семей қаласының әкімі аппаратында экономикалық жиынтық бөлімінде кеңесші;


1998 жылдан бастап 1999 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;


1999 жылдан бастап 2002 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының бастығы;


2002 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика бойынша агенттігі төрағасының орынбасары;


2008 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;


2010 жылдан бастап 2011 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры;


2011 жылдан бастап 2012 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі;


2012 жылдан бастап 2017 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 158 Өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.


?>

Сізден жаңалық