Анықтама

Төлеуов Ербол Уәлиұлы

814

Қазіргі лауазымы: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы

  • 1969 жылы туған;
  • Білімі: Қарағанды политехникалық институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды облысының «Қырғызстан» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жекеменшік құрылымдарда жұмыс істеді. 

2007 жылы «ҚР СІМ шаруашылық басқармасы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды. 

«ҚР СІМ шаруашылық басқармасы» РМҚК директоры, «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастығының орынбасары, «Астана-Энергосервис» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінде елшінің кеңесшісі, «Астана қалалық жарық» ЖШС директоры, «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ басшысының орынбасары, «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы болды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдан бері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы 

Бөлісу: