Қызметі: ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, «Қаржы академиясы» АҚ тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады.
2005-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған.
2011-2014 жылдары - «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.
2014-2019 жылдары Астана қаласында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.
2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін - Көкшетау қаласы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры.
2019-2021 жылдары - ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары.
2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері80842Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді74743Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67174Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56005БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4842