Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы
2430Қазіргі лауазымы: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
Туған жылы: 1971 жылы дүниеге келді.
Білімі: 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша,
2002 жылы — «Қайнар» университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Торғай филиалында маман болып бастады.
1997 жылғы сәуірден бастап, Салық органдарында салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2000 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы тамызды қоса алғанда Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бастығы.
2002 жылғы тамыздан бастап 2003 жылғы ақпанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Өндіріп алу басқармасының бастығы.
2003 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы қазанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы.
2004 жылғы қарашадан бастап 2005 жылғы қыркүйекті қоса алғанда «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің бөлім бастығы,
2005 жылғы қыркүйектен бастап 2007 жылғы тамызды қоса алғанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
2007 жылғы тамыздан бастап 2009 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы,
2009 жылғы мамырдан бастап 2010 жылғы сәуірді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2010 жылғы сәуірден бастап 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылғы қараша - 2016 жылғы желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2018 жылғы қазан - 2019 жылғы ақпан аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 5 ақпандағы №831 Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «ЕАТ 10 жылдығы (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ туралы)» медалімен, «Еуразиялық экономикалық одақ құруға үлес қосқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен, ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.
Үйленген, төрт баласы бар.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады204762Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді199963Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты137654Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды120145Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды9969