Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы
1729
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1976 жыл
Туған жері: Атырау қаласында дүниеге келген.
Білімі: Атырау Мұнай және газ институтын, Қазақстандық экономика және құқық институтын,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тау-кен инженері, заңгер, экономист-менеджер.
Еңбек жолын 1995 жылы «Экспресс-Юг» ЖШС-і директорының орынбасары болып бастаған.
1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» ЖШС-і, «Ислам» ЖШС-і директоры,
2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы,
2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы,
2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы,
2012-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы,
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы,
2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,
2017 жылдан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2020-2022 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2022 жылы жемқорлық қылмысы бойынша 10 жылға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365642"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192393"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187634Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137115Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12495