Анықтама

Танысбай Ләззат Мұратқызы

6240
9765143.jpg

Қазіргі лауазымы: «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма басшысы


Туған жылы: 1973 жыл, 11 қазан.

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылы.

Білімі: Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.

Халықаралық бизнес университінің МВА дәрежесін қорғаған (диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары»).

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген


Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды.


«Хабар» Агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж.- 2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.


2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарды.


2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.


2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.


2011 жылдың 4-ші қарашасынан бастап – ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі.


2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды.

2019 жылдың 8 сәуірінен бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды.


Марапаттары: Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010),

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015).

Екі баланың анасы.

Бөлісу: