Анықтама

Түгел Сәдібек

2394

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1955 жылдың 23-ші ақпанын

Туған жері: Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді.

Білімі: 1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінен жоғары білімді «журналист» деген мамандық алды.


Алматы қаласындағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеді.

1977-1978 жылдары аудандық «Өркен-Расцвет» газетінде аудармашы,

1979 жылдары Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы,

1979-1984 жылдары аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы,

1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

1988-1990 жылдары Жоғары партия мектебінде екі жыл күндізгі бөлімінде оқып, «политолог», «социолог» деген мамандықтарға ие болды.

1990-1992 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болды.

1992-1994 жылдары «Ұлан Таңы – Уланские Зори» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.

1994-1998 жылға дейін Алматы қаласында «Қазақстан Телевидениесі мен Радиосы» корпорациясында жауапты қызметтерді атқарды.

1998 жылдың басында Жаңа Елордамыздың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз маслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді.

Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.

2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда. Сәдібек Түгел Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаның авторы.

Астана радиосы ұйымдастырған үлкен Акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды. Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы. ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2003–2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

Сәдібек Түгел Ұлттық Спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген азамат. Жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдары ҚР Ұлттық Ат спорты түрлерінің негізін қалады, алғашқы ережелерді жазды, жұмысын жетілдірді. Сәдібек Түгел бүкіл Қазақстан атбегілерінің 1995 жылы Алматы қаласында өткен тұңғыш құрылтайының инициаторы. Осы құрылтайда ұлттық ат спортының негізі қаланды.

Ол Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті.

2005 жылдан бері жүйелі түрде шығармашылық жұмыспен айналысып, кітап жазып, шығаруда. Бұл үлкен күрделі жұмыс.

С. Түгел жазып шығарған кітаптар:

1. «Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж.

2. «Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж.

3. «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж

4. «Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж.

5. «Қазанат» – 2006 ж.

6. «Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж.

7. «Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж.

8. «Ертуған» – 2008 ж.

9. «Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж.

10. «Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж.

11. «Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл.

12. «Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл.

13. «Астана хикаялары»-2013 жыл.

14. «Өсе бер, өрлей бер, Астана!». 2014 жыл.

Ол патриоттық, қоғамдық жұмыстармен белсене айналысады. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі  ұйымдастырушысы. Бұл  жылқы жануарына салынған  әлемдегі ең үлкен ескерткіш болып саналады. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ  «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда.

 Сәдібек Түгел 8- республикалық журналдың  бас редакторы. Олар:

1. «ҚАЗАНАТ» журналы.

2. «Құлыным» журналы.

3 «Біз , астаналықтар» журналы

4. «Ұлы дала Қырандары» журналы.

5. «Керемет той» журналы.

6. «Журналистер әлемі» журналы.

7. «Ұлттық спорт» журналы.

8. «Маман» журналы

Бұдан басқа «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігі бар. Оның құрамында 17  бұқаралық ақпарат құралдары  жұмыс істейді. Бір сөзбен түйіндегенде қуатты   медиа  бірлестіктіктің жұмысын  жүргізіп отыр. Сәдібек Түгел  «Бас редакторлар клубының  » толық мүшесі ретінде  еліміздің ақпарат кеңістігінде  белгілі тұлға. Ол «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының  негізін қалаушылардың бірі әрі оның теңтөрағасы.

Сәдібек  Түгел  жұбайы   Қайникамал  Сәлетайқызымен  екі  бала  тәрбилеп  өсіріп,  олардан   алты  немере   сүйіп  отырған   бақытты  жанұя.

Бөлісу: