Қазіргі лауазымы:
-
Туған жылы: 1960 жылы 6 ақпан
-
Туған жері: Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.
-
Білімі: 1975-1978 жж. – Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген.
-
1981-1985 жж. Алматы құрлыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс мамандығы бойынша бітіріп, 2000-2004 жж. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша оқыған.
1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.
2005-2011 жж. – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті.
2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.
“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған.ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.
ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.

-
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері110532Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді75223Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67554Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56405БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4934