Смағұл Бақытбек
3632
Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Туған жылы: 1960 жылы 6 ақпан
Туған жері: Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.
Білімі: 1975-1978 жж. – Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген.
1981-1985 жж. Алматы құрлыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс мамандығы бойынша бітіріп, 2000-2004 жж. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша оқыған.
1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.
2005-2011 жж. – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап, V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.
2016 жылғы 25 наурыздан бастап, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтардан бастап, VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.
“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған.ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.
ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады5182Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр4773“Қыз өзі кінәлі”, “Маған қатысы жоқ”: Зорлық құрбаны болған заңгермен сұқбат4594Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін4425Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты403
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1266221 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94053Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7990415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?64025Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?5917