Скляр Роман Васильевич
2395
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Туған жылы: 1971 жылғы 8 мамыр
Туған жері: Павлодар қаласында туған.
Білімі: «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін,
«Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын
«Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.
2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы,
2003-2005 жж. Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті.
2005-2006 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі,
2006-2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры (10.2007-10.2008) болды.
2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.
2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі,
2014-2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған.
2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
2016 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (05.2016-23.12.2016) болды.
2016 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған.
2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі.
2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі.
2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет», «Парасат» ордендері (2017 ж.) «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс33626 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды3333ЖИ және жұмыс: Жасанды интеллектінің дамуы әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықты арттыруы мүмкін – БҰҰ3104ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды3055Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді285
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1599321 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94963Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?81394Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7894515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6535