Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы
2847Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1964 жылы
Туған жері: Астана қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін,
1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті.
1982 – 1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
1993 – 1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры ретінде жұмыс істеген.
1996 – 2006 жылдар аралығында ҚР жекешелендіру бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2006 – 2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген.
2011 – 2016 жылдары «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.
2016 – 2018 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.
2018 жылғы 24 қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылды.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады212242Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді20397310 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов202764Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты140855Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды12319