Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы
3194
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1964 жылы
Туған жері: Астана қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін,
1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті.
1982 – 1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
1993 – 1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры ретінде жұмыс істеген.
1996 – 2006 жылдар аралығында ҚР жекешелендіру бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2006 – 2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген.
2011 – 2016 жылдары «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.
2016 – 2018 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.
2018 жылғы 24 қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылды.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады4992Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр4703Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін4294“Қыз өзі кінәлі”, “Маған қатысы жоқ”: Зорлық құрбаны болған заңгермен сұқбат4185Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты398
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1246021 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94043Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7988415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63975Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5869