Қазіргі лауазымы: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директоры
-
Туған жылы: 1977 жылғы 1 қазанда туған.
-
Білімі: Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген,
-
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша тамамдаған.
-
Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы болып жұмыс істеген, ҚР Мәдениет министрлігінің ақпараттық-талдау бөлімін, жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімін басқарған.
2003-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, әлеуметтік-саяси бөлімнің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
2012-2014 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары,
2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы,
2016-2017 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына басшысы
2019 жылдың қазанынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директоры

-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр170332Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды49463Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады40104Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті27005Әлемдегі ең бай адамдардың бірі «жоғалып» кетті.2248