Қазіргі лауазымы: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
-
Туған жылы: 1975 жыл
-
Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.
-
Білімі: Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында аспирантураны,
-
Эмори университетінде Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін тәмамдаған.
Әр жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері болып қызмет етті.
2006-2008 жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы инновациялық бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасарының міндетін атқарушы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры.
2010-2011 жылдары — АҚШ-та Эмори университеті клиникасының жобалар менеджері.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары, экономикалық зерттеулер орталығының басшысы.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да, University Medical Center корпоративтік қорында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы қыркүйектен бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылғы 26 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.



-
1Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты289932Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Аймағамбетов мұғалімдердің вакцина салдыруы туралы айтты160663Кенесары ханның бас сүйегі елге жеткізіледі116444ІІМ Аяжан Еділованың өлімі мен BI Group-тегі зорлыққа қатысты пікір білдірді108565Педагогтердің арыз-шағымдары дер кезінде қаралуы қажет – Аймағамбетов.6649