Анықтама

Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

1105

 Қазіргі лауазымы: Ұлттық банк төрағасының орынбасары


Туған жылы: 1976 жыл

Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі ұлы және бір қызы бар.

Білімі: 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша.


Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.


2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілдені қоса алғандағы аралықта - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы.


2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсанды қоса алғандағы аралықта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 


2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусымды қоса алғандағы аралықта -Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.


2014 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қарашаны қоса алғандағы аралықта - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.


2016 жылғы қарашадан бастап желтоқсанды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы.


2016 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.


2021 жылдың 5 сәуірінен бастап Ұлттық банк төрағасының орынбасары болвп тағайындалды.

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

Бөлісу: