Шаймергенов Тимур Төлегенұлы
1335Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары
Туған жылы: 20.06.1982 жыл
Білімі: 2004 жылы Алматыдағы Халықаралық мамандықтар институтын бітіріп,
2009 жылы ҚР Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация корғады.
2009-2017 жылдар аралығында Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбиялық университеттерінде басшылық құрамы үшін оқу бағдарламаларынан өтті.
Халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент пен тәуекелдерді басқару салаларындағы маманның біліктілігі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.
Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған. ҚР Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Парламент Мәжілісі және ҚР Қауіпсіздік Кеңес аппараттарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тағайындалуына дейін ҚР Президент Әкімшілігінде қызмет атқарды.
2019-2020 жылдары СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» (2017) мерейтойлық медальдармен марапатталған.
-
1Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді2822Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді2743ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді2254Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды2195Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті196