Анықтама

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы

2295

Қазіргі лауазымы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы


Туған жылы: 04.03.1958 жыл

Туған жері: Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылы

Білімі: Қазақ Ұлттық әл - Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған.

Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі


1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған.

1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен.

Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті.

1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған,

1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті.

1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директорынын қызметін атқарды.

1996- 2002 жылдары бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары

2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице - министр лауазымына тағайындалған.

2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице - министр лауазымына қайта тағайындалған.

2009 жылдың қазан айынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы болып еңбек еткен.

2019 жылдың ақпан айы мен маусым айы аралыңында ҚР Білім және ғылым министрі болды.

2019 жылдың шілде айынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы қызметіне тағайындалды.  

Марапаттары

Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Бөлісу: