Анықтама

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

2560

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 12.03.1964 жыл

Білімі:1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.


1986-1988 жылдары – ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді;


1988-1991 жылдары – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;


1991-1992 жылдары – Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;


1992-1993 жылдары –  ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;


1993 жылы – ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;


1993-1995 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 


1995 жылдың қарашасынан – 1997 жылдың наурыз айына дейін - ҚР Экономика министрі;


1997 жылдың наурыз-қазан айларында – ҚР Экономика және сауда министрі;


1997 жылдың шілде-қазан айларында – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөнінде);


1997 жылдың қазан айнан – 1998 жылдың сәуір айна дейін – «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;


1998 жылдың сәуір-тамыз айларында – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;


1998 жылдың тамыз айнан – 2004 жылдың наурыз айна дейін – Қостанай облысының әкімі;


1997 жылдың ақпан-қараша айларында – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі; 


1997 жылдың қараша айынан 1998 жылдың тамыз айына дейін – ҚР тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі; 


1997 жылдың наурыз-желтоқсан айларында – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің Төрағасы; 


2004 жылдың наурызынан бастап – Астана қаласының әкімі;


2006 жылдың қыркүйек айынан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;


2007 жылдың тамызынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;


2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды;


2011 жылдың 11 сәуірінде мемлекет басшысының Қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды;


2011 жылдың 26 желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.


2017 жылдың 5 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.


2019 жылдың 26 ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.  

2022 жылы 26 тамызда әкім қызметінен кету туралы өзі өтініш берді. 2022 жылы 31 тамызда Президен оның өтінішіне қол қойды.

Бөлісу: