
Қазіргі лауазымы: ҚР Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы
-
Туған жылы: 1978 жылы туылған.
-
Білімі: 1999 жылы ІІМ Алматы академиясын бітірген.
-
Саяси ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты.
1995 жылдан 1999 жыл аралығында ІІМ Алматы академиясында оқыды, оқуды аяқтағаннан кейін Алматы облысы ІІБ-ның тергеушісі болып жұмыс істеді.
2001 жылдан 2005 жыл аралығында Алматы облысы ІІБ жедел іздестіру құрамында лауазымды қызметтерді атқарды.
2005 жылдан 2008 жыл аралығында – Алматы облысы ІІД Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ бастығының орынбасары.
2008 жылдан 2009 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистранты.
2009 жылдан 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары.
2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың 19 шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.


-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр160522Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды47643Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады35234Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті26075Әлемдегі ең бай адамдардың бірі «жоғалып» кетті.2229